«Қызым сырғалым атанды»: Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын айтты
Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Айарудың сырға салу және құдалармен таныстыру рәсімінен әсерлі видеолар жариялап, ақ тілегін жеткізді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Өнер иесі алдымен жаңа құдаларына есік-төр көрсеткенін айтып, бұл күнге жеткізген Жаратқанға шүкіршілік етті.
"Алланың қалауымен жаңа құдаларымызға есік-төр көрсетіп жатырмыз. Осындай қуанышты күнге жеткізген Раббыма шүкір. Дастарханымыз берекелі, дастық қарым-қатынасымыз ғұмырлы, екі әулеттің арасы сыйластық пен татулыққа толы болсын. Әумин!", – деп жазды әнші.
Кейін Алтынай Жорабаева қызы Айаруды құдаларына көрсетіп, болашақ күйеу баласына төс тарту дәстүрі орындалғанын жеткізді.
"Қызымызды құдаларымызға көрсетіп, күйеу баламызға төс тарттық. Дәстүріміздің әр сәті – береке мен сыйластықтың белгісі. Алла екі жасқа бақытты ғұмыр нәсіп етсін", – деді ол.
Сондай-ақ әнші қызының сырға салу рәсімі өткенін айтып, ана жүрегі үшін бұл ерекше сәт екенін жасырмады.
"Міне, Аллаға шүкір, қызым сырғалым атанды. Бұл – ана жүрегі үшін ерекше сәт. Алла екі жасқа татулық, береке, ұзақ ғұмыр мен иманды ұрпақ нәсіп етсін", – деп жазды Алтынай Жорабаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0