Көкшетауда 19 жастағы жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды

Қыркүйек 9, 2026 - 17:23
 0  19
Көкшетауда 19 жастағы жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында салынып жатқан биік ғимараттан жас жігіт құлап, мерт болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Көкшетауда 2007 жылы туған ер адам құрылыс алаңында қайтыс болды. Ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Оқиға 8 қыркүйекте болды.

«Құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан нысанда 2007 жылы туған азамат тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0