Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Жол апаты 19 қазанда Тәшенов көшесінде болған. Volkswagen Vento көлігінің жүргізушісі жолдың жарықтандырылған бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қазан 21, 2026 - 10:32
 0  5
Көкшетауда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Көкшетауда 48 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

Жол апаты 19 қазанда Тәшенов көшесінде болған. Volkswagen Vento көлігінің жүргізушісі жолдың жарықтандырылған бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алайда ол зардап шеккен адамға көмек көрсетпей, тиісті қызметтерге хабарламастан оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні бірнеше сағат ішінде ұстады. Қазір адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0