«Көп нәрсені дұрыс жасамаппын»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы сыр шертті

Шілде 27, 2026 - 10:32
app_badging Шілде 27, 2026 - 10:46
chat_bubble  0 visibility  25
«Көп нәрсені дұрыс жасамаппын»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы сыр шертті

Танымал әнші Жазира Байырбекова өмірлік ұстанымдары мен отбасы туралы ой бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі жастардың әрекетіне қарап, өзін «тым ыңғайлы әйел» деп санайтынын жазды.

Әнші күйеуінен материалдық нәрсе сұрамағанын, отбасы мен жұмысына бар уақытын арнағанын айтты.

«Мен көп нәрсені дұрыс жасамаппын.
Қазіргі жастардың іс-әрекеттеріне қарасам мен тым ыңғайлы әйел екенмін.
Күйеуімнен ешқашан материалдық ештеңе сұрамаппын. Қыздармен қыдырып, күйеуімсіз достармен бас қосып көңіл көтермеппін. Жұмысыма, отбасыма арнадым уақытымның бәрін. Мынау әйелдің міндеті, мынау еркектің міндеті демей, ауырды да, жеңілді де бірге көтеріппін. Өзімді бірінші орынға қоймай күйеуімді бірінші орынға қойып, әр шешім қабылдарда күйеуімнің көзімен қарап, күйеуімнің қалауын ескеріппін. Әр нәрседе соңғы шешімді күйеуім шешкенін күтіппін. Маған қаталдық көрсетіп, ренжіткендерді де құрметтеп, сыйлап, кешіріп, түсінуге тырысыппын»,– деді ол.

Сондай-ақ ол өмірдегі жетістіктерін кейбір қателіктерінің нәтижесі деп қабылдайтынын жеткізді.

«Ойлана келе қазіргі жеткен жетістіктерімнің барлығы осы күнге дейін бәрін дұрыс жасамағанымның нәтижесі сияқты. Бәрін дұрыс жасаймын деп өмірлерін құртып алып жатқан жас отбасылар қаншама. Кейде кей нәрселерді дұрыс жасамаған да пайдалы, Аллаға шүкір»,– деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0