«Қорқыт бабамыздан ұят болды»: Қобызбен адам емдеп жүрген емші желіде қызу талқыға түсті

Маусым 11, 2025 - 12:44
«Қорқыт бабамыздан ұят болды»: Қобызбен адам емдеп жүрген емші желіде қызу талқыға түсті
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде өзін Таңшолпан деп таныстырған келіншек алдына шипа іздеп келген адамдарды қобыздың көмегімен емдейтінін айтты, деп хабарлайды saDaq.kz.

Ол қобыздың сүйемелдеуімен, көзін жұмып келушілерді емдеуге тырысады. Видеода әйел “Қоңыр әулиенің” даусымен сөйлеп отырғанын айтты.Сондай-ақ алдына келген Сандуғаш есімді қыздан бастайтынын,оның жолы байланған жан екенін айтты.

“Бүкіл отбасыңмен қара түнектесің. “Өлім” деп басталған. Дертіңді таба алмай жүрсің, қалқам. Уайымдама, аяққа тұрасың, уәде беремін”, – деді ол қобыз тартып отырып.

Кейін емші дертіне шипа табу үшін оған сүйегімен қойдың басын алып келуді бұйырды. Сөйтіп алдағы уақытта бәрі жақсы болатынын айтып, жұбатты.

Емшінің бұл әрекеті желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылса, енді бір оны жерден алып, жерге салды.

“Сандуғаштан” бастаймын деген шошып кеттім,” “Ең болмаса қобыз тартуды үйреніп алсаңшы”, “Ой Алла, әулиенің неше түрі бар екен”, “Осыған шынымен сене ме екен”, “Шалабай атамыз қойып, енді мынау шықты ма?”, “Қорқыт бабамыздан ұят болды”, “Қойдың басы сүйексіз бола ма?”, – деп жазды желідегілер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow