Қостанай облысында 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Наурыз 10, 2026 - 20:50
app_badging Наурыз 10, 2026 - 20:51
chat_bubble  0 visibility  2
Қостанай облысында 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Қостанай облысында полиция қызметкерлері күдіктінің көлігінен 200 келіден астам ірі көлемде есірткі затын тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және облыстық прокуратура өкілдері бірлескен арнайы операция жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолында жүк көлігі тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде кузовтың ішіндегі темір бөшкенің ішінен полиэтиленге оралған қап табылды. Оның ішінде өсімдік тектес зат болған. Сонымен қатар, мұқият тексеру барысында полицейлер арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтады. Ол жерден өзіне тән иісі бар, скотчпен оралған 20 қап есірткі заты шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0