Қостанай облысында үш бірдей полиция қызметкері пара алу күдігімен ұсталды

Сәуір 23, 2026 - 00:34
chat_bubble  0 visibility  1
Қостанай облысында үш бірдей полиция қызметкері пара алу  күдігімен ұсталды

Қостанай облысы Рудный қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. "ТоболИнфо" басылымына сілтеме жасап.

Полиция қызмкеткерлері пара алу күдігіне ілінген. 

Мәліметке сәйкес, ұсталу оқиғасы наурыз айында болғанымен, бұл ақпарат енді ғана жарияланып отыр. Қостанай облыстық полиция департаменті 17 наурыз күні үш полиция қызметкері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің антикоррупциялық қызметі мен ішкі қауіпсіздік басқармасының бірлескен операциясы барысында қолға түскенін растады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0