Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Шілде 21, 2026 - 21:37
chat_bubble  0 visibility  11
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысында Kia Sorento автокөлігі DAF жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бүгін Қостанай-Қарабұтақ автожолында, Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл ауылы маңында болған жол апаты туралы айтты.

Жол апатына Kia Sorento және DAF жүк көлігі түскен. Өкінішке қарай, оқиға орнында жүргізуші мен жеңіл автокөліктің жолаушысы қайтыс болды.

"Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала дерек бойынша, Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Онда ол жүк көлігіне барып, соқтығысқан. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жасалып жатыр. Тергеу қорытындыларыы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады", - делінген департаментінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0