«Костюмін жыртып, көшеде сабап кеткен»: Журналист Серік Сәпиевтің соққыға жығылуы туралы айтты
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары соққыға жықты деген ақпарат тараған болатын, осыған байланысты спорт журналисі Бек Төлеуов пікір білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Журналист өткен кезеңмен салыстыра отырып, қазіргі жағдайдың ерекшелігіне назар аударды.
«Баяғыда Ермахан Ибрайымовты ұрды дегенді естіп едік. Оған 25 жыл болды. Заман басқа. Бандиттердің дәуірі. Бұл жолы мемлекеттік қызметте жүрген Сәпиевті көйлегін шешіп, костюмін жыртып, көшеде көк ала торғайдай сабап кетіпті. Ұрған бөтен емес. Орынбасары екен», деп жазды ол.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелді.
Қазіргі уақытта жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.Сараптама нәтижесі жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді. Оқиғаның нақты неден басталғаны әзірге айтылған жоқ.
Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
1
Сұмдық
1
Қайғылы
2
Жарайсың
0