Күтпеген шешім: Атышулы Жанабыловтардың үкімі кесілді

Сәуір 27, 2026 - 16:48
 0  22
Күтпеген шешім: Атышулы Жанабыловтардың үкімі кесілді
Фото: видеодан скрин

Блогер Ерболат Жанабыловтар ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Сот шешімімен Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Оған сондай-ақ пробациялық бақылау белгіленді.

Астанада өткен сот отырысында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот үкіміне сәйкес, Ерболат Жанабыловқа:

* 214-бап бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу,
* 218-бап бойынша – 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды сіңіру жолымен түпкілікті жаза ретінде 2 жыл бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу белгіленді.

Сонымен қатар, ҚК-нің 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес бұл жаза шартты деп танылып, Жанабыловқа пробациялық бақылау белгіленді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0