«Маған тыныштық керек»: Тағы бір танымал блогер хиджабын шешті (ВИДЕО)

Актриса, блогер Айым Алтынбекова хиджабын шешкенін хабарлады, деп жазады sadaq.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
«Айтқым келген бір нәрсе бар. Мен хиджабты шештім. Бұл – саналы түрде қабылданған, оңай болмаған шешім. Өзгеріс біреудің ықпалымен немесе кездейсоқ болған жоқ. Ұзақ ойландым, уайымдадым, үндемедім. Енді тек уақыты келді», – деп жазды ол Stories-інде.
Айым өз жазбасында ешкімнің мақұлдауын немесе кеңесін күтпейтінін де атап өтті.
«Мен ешкімнен қолдау, кеңес не даулаcуды күтпеймін. Маған тек құрмет пен тыныштық керек. Бұл – менің жолым. Бұл жолда мен ешкімге ештеңе дәлелдемеймін», – деді ол.
Сондай-ақ блогер хиджаб таққан кезінде көп сынға ұшырағанын еске алып, бұл жолы ондай жағдай қайталанбайды деп үміт білдірді.
Оның бұл мәлімдемесі әлеуметтік желі қолданушылары арасында кең талқыланып жатыр. Көпшілік оның шешімін түсіністікпен қабылдауға және әркімнің жеке таңдауына құрметпен қарауға шақыруда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






