«Мас күйде ұрған»: Назгүл мен Құндыздың қамқоршысы асыранды балаларды соққыға жыққан
Тараз қаласындағы қамқоршылық үйіне барған белгілі журналист Руслан Өтепбай резонанс тудырған мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Журналистің айтуынша, қиын жағдайға тап болған тек Құндыз бен Назгүл ғана емес. 2025 жылғы 29 желтоқсанда Зүлфия Төленоваға қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Арызданушылар – асыранды балалар. Балалардың мәлімдеуінше, Зүлфия Төленова алкогольдік ішімдік ішіп алып, олардың мазасын алған әрі бірнеше рет қол көтерген.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, ол заң аясында жауапқа тартылады.
Бұл істі Жамбыл облысы Полиция департаменті соңына дейін жеткізеді деген сенім білдірілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0