Мәсімовтің зәулім үйі тағы да саудаға қойылды

Бұған дейін үй екі рет сатылымға шығарылғанымен, сатып алушылар шықпады. Үйдің құны 1,8 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Сәуір 21, 2025 - 10:50
Мәсімовтің зәулім үйі тағы да саудаға қойылды

ҚК-нің бұрынғы төрағасы, экс-премьер-министр Карим Мәсімовтің астанадағы зәулім үйі үшінші рет аукционға шығарылды. Бұл туралы қайтарылған активтерді басқаратын ұлттық компания хабарлады.

Аукцион 13 мамыр күні сағат 11:00-де өтпек. 

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Нұра ауданы Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан еңселі зәулім үйді сатуға қойылған болатын.

Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарнасы – 118 млн теңге. 

Қызығы, дәл осы үйдің суреттерін 2022 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-төраға Кәрім Мәсімов қамауға алынған кезде жариялаған еді. Тергеу барысында оның заңсыз иемденген бірнеше нысаны анықталған, солардың бірі - еңселі коттедж.

Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кейін оған «мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға әрекеттенді» деген ауыр айыптар тағылып, 2023 жылғы сәуірде 18 жылға сотталды. Ол үкімге аппеляциялық шағым түсіргенімен, сот шешімді өзгертпеді. Былтыр жазда «рақымшылыққа ілігемін бе» деген үміті де ақталмай, Тоқаев «мұрттының» өтінішін мақұл көрмеді.

Енді Активтерді қайтару мекемесі бір кездері Мәсімов өмір сүрген элиталық үйді аукционға қойып отыр. «Мұрттының» мұрасы мемлекетке қайтарылып, жаңа иесін табуға дайын.

Бұған дейін сатып алушылар болмаған

Бұл үй бұған дейін екі рет 1,8 миллиард теңгеге сатылымға шығарылғанымен, сатып алушылар табылмаған.

Карим Мәсімов 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Оның мүлкі мемлекетке тәркіленген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow