Нағыз сталкер із қалдырмайды — депутат заңдағы олқылықтарды атады

Маусым 9, 2026 - 14:11
chat_bubble  0 visibility  2
Нағыз сталкер із қалдырмайды — депутат заңдағы олқылықтарды атады
Коллаж: Kazinform/ Nano Banana Pro

Қазақстанда сталкингке қатысты жаңа заң нормаларын қолдану кезінде дәлел жинау мен құқықтық бағалау мәселелері туындауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде депутат Бақытжан Базарбек мәлімдеді.

Оның сөзінше, сталкингке қатысты істерде ең күрделі мәселелердің бірі — дәлел жинау.

— Нағыз сталкер артынан із қалдырмайды. Ол өз әрекеттерін жасыруға тырысады. Сондықтан ертең сталкингтен зардап шеккен адамдардың өз құқықтарын сотта дәлелдеуі қиын болуы мүмкін, — деді депутат.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, сталкиң фактілерін растайтын бейнежазба, куәгер немесе өзге де дәлелдер әрдайым бола бермейді. Ал көптеген жағдайда адамдар құқық қорғау органдарына немесе сотқа куәгер ретінде қатысудан бас тартады. Сондай-ақ депутат сталкингтің белгілерін құқықтық тұрғыдан нақтылаудың маңыздылығына тоқталды.

— Біз ең алдымен адамның еркінен тыс жүргізілетін бақылау мен қудалаудың белгілерін нақтылауымыз керек. Екіншіден, мұндай әрекеттер жүйелі сипатқа ие болуы тиіс. Үшіншіден, жәбірленушіге келтірілген елеулі зиян мәселесін анықтау қажет, — деді ол.

Депутаттың пікірінше, психологиялық қысымның салдарын бағалау да күрделі мәселе. Өйткені адамның күйзелісі немесе психологиялық жайсыздығы қандай жағдайда елеулі зиян ретінде танылатыны нақты айқындалуы қажет.

Сонымен қатар ол Мәжілісте қаралып жатқан жеке детективтік қызмет туралы заң жобасы мен сталкингке қатысты нормалардың ара-жігін де нақтылау қажеттігін айтты.

— Заңдарды қолдану кезінде қай әрекет заңды ақпарат жинау болып саналатынын, ал қайсысы сталкинг ретінде бағаланатынын нақты ажыратуымыз керек. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғау үшін маңызды, — деді Бақытжан Базарбек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0