«Неге Қаржаубай жақ қамалмайды?»: Шерзат ісі бойынша күдіктілердің ата-аналары соттан әділдік сұрады (Видео)

Марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша күдіктілердің ата-анасы Қаржаубайды да қамауға алуды сұрап отыр, деп жазады Alash.KZ.
Олар "неге біз жақ қамала береді, неге Қаржаубай жақ қамалмайды" дейді. Олардың айтуынша, жанжалды бастаған, достарын шақырып, арақты сатқан да жәбірленуші тарап. Біздегілердің ешбірі ұрмаған, бәрін өздері бастап отыр дейді олар.
“Екі қыз байқұс. Жас балаға не жоқ ана жерде.Ол отыр. Қасынан өтіп бара жатқан балаларды да апарып қамап қойған. Сонда неге Қаржаубай қамалмайды. Неге біз жақ қамала береді. Бастаған Қаржаубайлар. Достарын шақырған, ішімдік сатқан солар. Ұрып отырған соның баласы. Бізден ешкім ешкімді ұрмаған. Өздерінен басталып, өздерінен шығып отырған нәрсе. Соны жөндеп қараудың орнына бізді кінәлап, балаларымызды жексұрын қылып, ұйымдасқан топ, Хутор бригадасы деп айып тақты. Бригада деген арнайы бөлім. Біле білсеңіздер бұл жерде бес бригада бар. Рысқұлов ауылының өзінің бөлінісі сондай. Менің айтарым осы. Дұрыс түсініңіздер, ешкім артық кетпесін. Қазақ елі түсінетін шығар. Екі жақты бірдей көрсін. Соттан адалдық сұраймыз”, – делінген видеода.
Сіздің реакцияңыз қандай?






