«Немереңмен бірге өседі»: Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды

Қаңтар 23, 2026 - 19:56
 0  1
«Немереңмен бірге өседі»: Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды
Фото: Sadaq коллаж

Танымал режиссер Ақан Сатаев пен актриса Альмира Тұрсын сәбилі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Қуанышты жаңалықты  жұлдызды жұп желідегі парақшаларында бөлісті.

«Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия  қош келдің, бақытты бол!», - деп жазды Ақан Сатаев. 

Айта кетейік, режиссер  алтыншы баланың әкесі атанды.

Альмира Тұрсын да қуанышын жасырмай, перзентханадан түскен суреттерді жариялады.

«Біздің қызымыз дүниеге келді – Айя-Сафия! Менің арманым, дұғам, Жаратқанның жауабы мен сыйы! Аллаға шүкір» – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары қуанышты құттықтап тілек білдірсе, кейбірі сынға алды.

«Бауы берік болсын», «Ғұмыры ұзақ болсын», «Өз қазағыңның аттарын менсінбедіңдер ме?», «Немереңмен бірге өсіп кетеді», «Екеуі қашан үйленген?», «Пляжда босанғандай очки тағып алыпты»,– деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0