Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот отырысы тікелей эфирде көрсетілмейтін болды

Шілде 23, 2026 - 18:01
app_badging Шілде 23, 2026 - 18:02
chat_bubble  0 visibility  1
Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты сот отырысы  тікелей эфирде көрсетілмейтін болды
Фото: Ашық дереккөз

Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырысы тікелей эфирде көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. 

Нұрайдың ісі бойынша сот тікелей эфирде өткізуден бас тартты. Алайда журналистерге сотқа қатысуға, түсіруге кедергі жоқ екендігін жеткізді, - дейді адвокат.
Сот отырыстары әр аптаның сейсенбі және жұма күндері таңертеңгі сағат 10:00-де өтетін болды.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0