Нұрай Серікбайдың өлімі: Іске қатысты тергеу тоқтатылды
21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
"Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады", – деп жазды адвокат желідегі парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0