Нұрайдың отбасы видеосын желіде таратқандарға арыз түсірді

Қаңтар 27, 2026 - 11:34
Қаңтар 27, 2026 - 11:36
 0  10
Нұрайдың отбасы видеосын  желіде таратқандарға  арыз түсірді
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбайдың отбасының мүддесін қорғайтын адвокат полицияда түсірілген видеоматериалдың желіге тарап кетуіне байланысты шағым берді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы «31 арна» мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада марқұм қыздың полицияда берген жауабы көрсетілген. Кадрларда ол күдіктіге шағымы жоқ екенін айтқан.

Аталған видеоны бұрынғы құқық қорғау қызметкері жариялағаны белгілі болды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов экс-полицейге қатысты құпия дәлелдерді таратқаны үшін ресми шағым түсіргенін мәлімдеді.

«Бұл жаңалық біз үшін күтпеген жағдай емес. Бейнежазба — тергеу барысындағы дәлелдердің бірі және ол іс толық аяқталмайынша жария етілмеуі тиіс. Мұнда тергеу құпиясы өрескел бұзылған. Мұндай әрекеттер үшін, тіпті қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Біз шағым бердік, енді тергеу құқықтық баға береді»,– деді адвокат.

«Бұл жерде сталкинг деген ұғым бар. Күдікті қызды жүйелі түрде аңдып, қудалаған. Сол себепті марқұм полицияға бірнеше рет жүгінген. Алайда видеода осы жайт мүлде айтылмайды. Тек қызды алып кету фактісі ғана алға тартылады», – деді депутат. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0