Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік Forbes тізіміне енді
Әлемнің ең бай адамдарын анықтайтын Forbes журналының 2026 жылғы рейтингі жарияланды. Биыл бұл тізімге Қазақстаннан алғаш рет екі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев енді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Astana Group компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың байлығы – 1,3 миллиард доллар деп бағаланып, әлемдік тізімде 2858-орынға тұрақтады.
Ал, BI Group құрылыс холдингінің мажоритарлық акционері Айдын Рахымбаевтың дәулеті – 1,1 миллиард долларға жеткен. Forbes.com оны әлемдік рейтингте 3185-ші орынға шығарды.
Қазақстандағы ең бай адам атағын биыл да Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким ұстап тұр. Оның байлығы бір жылда 7,1 миллиард доллардан 7,8 миллиард долларға дейін өсті. Ким Forbes рейтингінде 477-орында тұр.
Владимир Кимнің дәулеті – 200 миллион долларға көбейіп, 5,9 миллиард долларға жеткен. Ол әлемдік рейтингтің 712-ші сатысына жайғасты.
Forbes басылымының нұсқасы бойынша, әлемдегі ең бай миллиардерлер тізімін екінші жыл қатарынан Tesla және SpaceX иесі Илон Маск бастап тұр. Оның таза байлығы – 839 миллиард долларға бағаланады. Бұл өткен жылғыдан 2,5 еседей жоғары. Екінші және үшінші орындарға Google-дің негізін қалаушы Ларри Пейдж пен оның серіктесі Сергей Брин жайғасқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0