«Өлтіргеніне бірер күн өткен»: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты

Маусым 4, 2026 - 14:13
chat_bubble  0 visibility  2
«Өлтіргеніне бірер күн өткен»: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек шықты
Фото: Видеодан скрин

Атыраудағы қанды іс бойынша тың дерек шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бүгінгі сот отырысында айыпталушыға қатысты тағы бір видео көрсетілгені хабарланды. Желіде тараған кадрларда Сәрсемәлиевтің ломбардқа алтын бұйымдарды өткізген сәті бейнеленген. Бұл видеоны журналист Жанат Молдашова  жариялады.

«Марқұм Нәсіп Өтешқалиеваның алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп жатқан кезі.
2025 жылдың 7 қарашасы. Оларды өлтіргеніне бірер күн ғана өткен», – деп жазды журналист.

Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиев әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, бірнеше адамның өліміне әкелген оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, айыпталушы қылмыс жасалған сәтте өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болған. Тергеу барысында бұл іске басқа адамдардың қатысы анықталмағаны айтылды.

Қазір сот процесі жалғасып жатыр. Істің толық мән-жайы сот барысында анықталмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0