«Өмір бойына»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге сыйақы төлейтінін айтты

Сәуір 29, 2026 - 02:38
chat_bubble  0 visibility  2
«Өмір бойына»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге сыйақы төлейтінін айтты
Коллаж: Sadaq.kz.

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, қазақ өнерінің аңызы Меруерт Өтекешоваға ай сайын 1 млн теңге сыйақы төлейтін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Баян Алагөзованың өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

«Қыз Жібектің жыр болған камзолы әлі де менде. Құзырлы органдар ала ма, жоқ па маған аса маңызы жоқ. Бірақ мен оны күнде киемін, шешемін, қаласам тағы киемін. Бастысы ол менде. Бұл нағыз қазақтың жәдігері. Ол дәл қазір менің қолымда болғанына қуаныштымын. Ерте ме, кеш пе бұл қамзол ұлттық мұражайға қойылады»,– деді ол.

Сондай-ақ, продюсер Меруерт Өтекешоваға сый жасағысы келетінін айтты.

«Менің айтқым келгені бұл емес, мен Меруерт апайға өз атымнан аз да болса сыйлық жасағым келеді. Қазір ол кісі Астанада, мен Алматыда тұратындықтан, жұмыстың көп болуына байланысты бара алмай жатырмын. Бірақ мен Қазақтың Қыз Жібегіне құндыз тон сыйға тартқым келеді. Сондай-ақ, күйеуім екеуміздің атынан өмір бойына, ай сайын берілетін 1 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындағымыз келеді. Бұл сіздің қазақ өнеріне қосқан өнеріңіздің бағасы деп біліңіз», – деді Баян Алагөзова.

Көпшілік Баян Мақсатқызының бұл әрекетіне риза болып, алғыс хаттарын жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0