«Өмірден өткеніне үш жыл толды»: Бердібек Сапарбаевтың келіні қайын атасын еске алды
Қоғам қайраткері, марқұм Бердібек Сапарбаевтың келіні қайын атасын еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол қайын атасының өмірден өткеніне үш жыл толғанын, ел игілігі жолындағы жасаған еңбегі мен жақсылықтарының халық жадында мәңгі сақталынын айтты.
«Бүгін әкеміздің өмірден өткеніне тура үш жыл болды. Осы уақыт ішінде сан түрлі көңіл күйді бастан өткердік, бірақ дәл қазір бір нәрсені ерекше терең түсінесің. Адамды сөзіне емес, ісіне қарап еске алады. Әкем өмірін сондай мәнді өткізді, оның жасаған игі істері арада жылдар өтсе де адамдарға қызмет етіп, тұтас елге пайдасын тигізіп келеді. Нағыз құндылық дегеніміз – өмірден өткеннен кейін де адамдардың сені алғыспен әрі жүрек жылуымен еске алуы. Біздің қаһарманымыз Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады»,– деді Адель Сапарбаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0