«Мені Зүлфия байлап тастады»: Руслан Өтепбай Құндыздың жағдайын білді
Әлеуметтік желіде 17жыл құлдықта болған апалы-сіңілілердің бірі Құндыздың аяқ-қолы байланып, жерде қимылсыз жатқан суреті тарады. Оқиғаның мән-жайын білу үшін танымал журналист Руслан Өтепбай Тараз қаласына жетіп, зерттеу жұмысын бастады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Журналист Тараз қаласының полиция департаментімен бірге барып, қыздардың жағдайын білді. Бейнежазбада Құндыздың қорқып, жылап отырғанын көруге болады.
"Журналист ретінде қинау бабын көріп тұрмын. Қол-аяғы тұсаулып, скотчталған. Егер ауа жетпей өліп кетсе не болады?", – деді ол.
"Оның мінезін білмейсің, Руслан! Осылар келгелі миыма да, өзіме де тыныштық болмады", – деді қыздардың қорғаушысы Зүлфия Төленова.
Құндыздың айтуынша, Зүлфия Төленова оны байлап тастаған. Байлаулы күйде өте ұзақ жатқанын және денесінің ауырғанын айтты.
"Егер Зүлфия Төленова Құндызды байламаса, Құндыз жала жаппайды ғой. Мен өз басым Құндызға сенемін. Аталған дерек бойынша Зүлфия Төленованың үстінен қылымыстық іс көтерілді!", – деп жазды журналист.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
1
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
1
Сұмдық
2
Қайғылы
0
Жарайсың
0