Оңтүстік Кореяда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды

Наурыз 10, 2026 - 16:54
app_badging Наурыз 10, 2026 - 16:56
chat_bubble  0 visibility  4
Оңтүстік Кореяда жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды
pixabay.com

Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде болған ірі өрттен кейін хабарсыз кеткен Қазақстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі Ерлан Жетыбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, іздестіру жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері қазір сараптамаға жіберілген, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға Солтүстік Чхунчхон провинциясындағы Ымсон уезінде, ылғалды майлықтар мен жаялықтар шығаратын зауытта орын алған. Өрт 30 қаңтар күні күндіз басталған. Сол сәтте кәсіпорында 83 жұмысшы болған, оның 81-і қауіпсіз жерге шығып үлгергенімен, екі шетелдік азамат үйінді астында қалып қойған.

Жоғалғандардың бірі — шамамен 50 жастағы Қазақстан азаматы, екіншісі — 20 жастағы Непал азаматы еді. Өртті сөндіру жұмыстары 21 сағатқа созылған. Жалынның тез таралуына зауыттағы тез жанғыш материалдар мен конструкциялардың құлауы себеп болды. 31 қаңтар күні түнде ғимараттың екінші қабатынан бір адамның мәйіті табылды.

Бастапқыда кейбір БАҚ құралдары зардап шеккендердің бірі Өзбекстан азаматы екенін хабарлаған еді. Алайда кейінірек бұл ақпарат теріске шығарылып, зардап шеккен адамның отандасымыз екені нақтыланды. СІМ өкілі сараптама нәтижелері дайын болған бойда марқұмның туыстарына хабар берілетінін айтты.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары өрттің шығу себептерін тергеп жатыр. Қазақстанның консулдығы бұл мәселені өз бақылауына алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0