Оралда жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар 23, 2026 - 15:10
 0  1
Оралда жасөспірімді ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: polisia.kz

Оралда жасөспірімнің соққыға жығылғаны жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Бейнежазбада екі жасөспірімнің үшіншісін ұрып жатқаны анық көрінеді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш бейнежазба бойынша Орал қаласы полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріс жүргізген.

Оқиғаның өткен жылдың қазан айында болғаны анықталды. Бұл дерек бойынша арыз-шағым түспеген.

Департаменттің мәліметіне қарағанда, барлық қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдер жасаған бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерін орындамау дерегі бойынша материал жинақталды.

- Барлық материал кәмелетке толмағандар істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылық әрекеттер туралы хабарламау дерегі бойынша қалалық білім беру бөлімі атына ұйғарым шығарылды. Қазіргі кезде жәбірленушіге қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Онымен психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатр. Оған қоса аталған дерек бойынша қылмыстық іс те қозғалды. Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан. https://kaz.inform.kz/news/oralda-zhasosprmd-urip-sogu-dereg-boyinsha-kilmistik-s-kozgaldi-6f60a9/

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0