Ормуз бұғазындағы ахуал ушығып тұр: Иран кез келген кемені нысанаға алатынын мәлімдеді

Маусым 11, 2026 - 09:32
chat_bubble  0 visibility  3
Ормуз бұғазындағы ахуал ушығып тұр: Иран кез келген кемені нысанаға алатынын мәлімдеді
Фото: depositphotos.com

Иранның жоғары біріккен әскери қолбасшылығы АҚШ-тың шабуылдарынан кейін Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлері мен коммерциялық кемелердің қозғалысына тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Тегеран бұғаздан өтуге әрекеттенген кез келген кеме әскери нысана ретінде қарастырылатынын ескерткен.

Сонымен қатар Иран әскери күштері «шекараны бұзды» деген күдікпен екі кемені атып түсіргенін хабарлады. Алайда олардың қай елге тиесілі екені әзірге нақтыланбаған. Өз кезегінде АҚШ бұл ақпаратты жоққа шығарды. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран тарапы бірде-бір америкалық әскери кемеге шабуыл жасамағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Иран Ормуз бұғазын барлық кемелер үшін жабық деп жариялаған еді. Алайда Вашингтон бұғаздың толық жабылғанын растаған жоқ. Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалының маңызды бөлігі өтетін стратегиялық теңіз дәлізі саналады.

 Сондықтан өңірдегі жағдайдың шиеленісуі жаһандық энергетика нарығына және мұнай бағасына әсер етуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0