Астанадағы тұрғын үйде өрт кезінде жарылыс орын алды (ВИДЕО)

Қаңтар 27, 2026 - 14:28
Қаңтар 27, 2026 - 14:52
 0  3
Астанадағы тұрғын үйде өрт кезінде жарылыс орын алды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Елорданың Байқоңыр ауданындағы тұрғын үйден өрт шығып, сөндіру кезінде жарылыс болды. Бұл туралы Sadaq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тілсіз жау К. Циолковский тұйығындағы бір қабатты үйден шыққан. Өрт сөндірушілер жеткенде жалын 80 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Отпен арпалыс кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, жағдай қиындай түсті. Десе де, құтқарушылардың арқасында өрт 300 шаршы метрлік ғимараттың өзге бөліктеріне таралған жоқ. 

«Жеке құрамнан 40 маман және 8 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», — деп мәлімдеді Астана қаласы ТЖД Байқоңыр ауданының ТЖБ бастығы Максим Тесля.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0