«Осы күнді 10 жыл күттім»: Танымал әзілкеш «Елдос Колобок» ұлына арнап ән шығарды

Қаңтар 22, 2026 - 09:40
 0  48
«Осы күнді 10 жыл күттім»: Танымал әзілкеш «Елдос Колобок»  ұлына арнап ән шығарды
фото: әлеуметтік желіден

Жуырда әке атанған әзілкеш Елдос Қадырханов ұлы Әлемнің бесік тойын жасады. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды, деп жазады Sadaq.kz.

Блогер мен оның жұбайы Таразда дүбірлі той жасап, жақындарын мен жанашырларын шақырған.

"Осы күнді 10 жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет!", - деп жазды Елдос Қадырханов.

Еске салсақ, 12 қарашада "Елдос Колобок" лақап атымен танымал блогер, әзілкеш әрі асаба Елдос Қадырханов әке атанғанын жазған едік. Сүйінші жаңалығын ол Instagram желісінде жариялаған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0