Өскеменде сарбазға іздеу жарияланды
Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінде сарбазға іздеу жарияланды, деп хабарлайды sadaq.kz.
"23 шілде күні сағат 06:30 шамасында 2004 жылғы 31 наурызда туған қатардағы Мархан Айқын Ерланұлы тәуліктік наряд құрамында зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы бойынша кезекші көмекшісі міндетін атқару кезінде қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен", - деп жазды Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімі.
Мәліметте сарбаздың өзімен қаруы болмағаны айтылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери бөлім аумағынан әскери киім үлгісінде шығып кеткен, кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін.
"Белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі – орташа, көзі мен шашы – қара, шашы – қысқа, бетінде меңдері бар. Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - дейді әскери полиция.
Осыған байланысты полиция Қазақстан азаматтарынан сарбаздың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды. Берілген ақпарат құпия сақталады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0