«Отбасы банк» төрайымы үй неге қымбаттай беретінін айтты

Наурыз 10, 2026 - 13:30
app_badging Наурыз 10, 2026 - 13:31
chat_bubble  0 visibility  2
«Отбасы банк»  төрайымы үй неге қымбаттай беретінін айтты
Фото: Видеодан скрин

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тұрғын үй бағасының қымбаттауына мемлекеттік бағдарламаларды кінәлау дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның сөзінше, тұрғын үй жинақ жүйесінің нарықтағы үлесі шамамен 17 пайыз ғана, сондықтан ол баға өсіміне шешуші әсер ете алмайды. Ибрагимова жеңілдетілген бағдарламалар бағаны өсіреді деген пікір дәлелденбегенін атап өтті.

Керісінше, негізгі себеп — халық санының артуы және баспанаға сұраныстың жоғары болуы. Өткен жылы Қазақстанда 100 мыңнан астам неке тіркелген, ал жаңа отбасы құрылған сайын тұрғын үйге қажеттілік пайда болады.

Сондай-ақ ол әлеуметтік тұрғын үйлер сапасыз, бөлек салынған үйлер болмауы тиіс екенін айтты. Қазір әкімдіктерге дайын тұрған үйлерден пәтер сатып алуға рұқсат берілген. Бұл шешім мемлекеттік бағдарламамен берілетін баспананың сапасын арттыру үшін қабылданған.

Банк төрайымының айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар бағаны өсірмейді, керісінше халықтың нақты табысын көбейтіп, үй алуға мүмкіндік береді. Ал сұраныс жоғары болған жерде бағаның өсуі —  табиғи құбылыс.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0