«Отбасындағы жалғыз ұл»: Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр

Шілде 28, 2025 - 10:51
Шілде 28, 2025 - 10:56
«Отбасындағы жалғыз ұл»: Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр

Алматы облысында жоғалған тікұшақ пен бортта болған экипаж мүшелері әлі табылған жоқ. 

Sputnik Қазақстан сайтының жазуынша, бортта болған экипаж мүшелерінің бірі - Бахтияр Ержігітовтың 15 жылдық тәжірибесі бар маман. Павлодар облысының тумасы.

"11 сыныпты бітіре салып, Ақтөбедегі әскери оқу орнына түскен. Жасы 32-де. Оқу бітіргелі өз мамандығымен еңбек етіп келеді. Оқуды борт механик-инженер мамандығымен бітірген", - дейді қарындасы Аймереке Бегімова.

Бахтияр Ержігітов отбасындағы жалғыз ұл. Үйленген, бір ұл, бір қызы бар. Ұлы 4, қызы 2 жаста. Ата-анасы мен әйелі Бахтиярдың жолын тосып, күндіз-түні ұйқыдан қалған.
Бахтияр Ержігітов пен бірге тікұшақта болғандар - Аман Амангелді, Нұржігіт Үйсінбаев.

Айта кетейік, үш әскери қызметкер Жетігендегі әскери мекемеде еңбек еткен. Жоғалған әскери қызметкерлердің туыстары президенттен жоғалғандарды табуға көмек беруін сұрады.

Еске салайық, 25 шілдеде үш экипаж мүшесі бар әскери тікұшақ із-түссіз жоғалып кетті. Әуе кемесі Қопа ауылының үстінен ұшқан. Соңғы рет көрген де сол ауылдың тұрғындары.    
Тікұшақ осымен үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Бірақ әлі табылған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow