«Өз-өзіме қастандық жасамайтын шығармын»: Қол-аяғы байланған Құндыздың қамқоршысы мәлімдеме жасады

Қаңтар 26, 2026 - 10:53
Қаңтар 26, 2026 - 11:22
 0  33
«Өз-өзіме қастандық жасамайтын шығармын»: Қол-аяғы байланған Құндыздың қамқоршысы мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде он жеті жыл құлдықта болған апалы-сіңілілердің бірі Құндыздың аяқ-қолы байланған суреті тарап, қоғамның алаңдаушылығын тудырды. Оқиғаға қатысты қыздардың қамқоршысы Зүлфия Төленова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

«Құрметті халқым, желіде тарап кеткен суретті көріп, өзім де таңғалып отырмын. Сіздердің алдарыңызда ақталайын деп отырған жоқпын. Мен қаншама жылда қаншама балаларды қамқорлығыма алдым. Бірақ мына жағдайды кім түсіріп, қалай жібергенін білмеймін. Мына жағдайда мен үйде болмадым. Болсам бұндайға жеткізбес едім. Егер мен болсам, суретті жариялап өз-өзіме қастандық жасамайтын шығармын. Байлап қойып суретке түсірмейтін болармын» – деп ақталды. 

Қамқоршысының сөзінше, апалы-сіңілілер бір-бірін ұрып, жиі төбелесіп қалады екен. Бұл да сондай жағдайдан кейін орын алуы мүмкін дейді. Өзіне тағылған айыптарға келіспейтінін және аяқтан шалу деп отыр.

«Бұл балалардың ақыл-есінде ерекшеліктер болғандықтан, Құндыз көбінесе Назгүлді ұрып-соғады. Сол арада мүмкін байлаған шығар. Тіпті, қай уақытта болғанын да білмеймін, бүгін білдім. Мен балалардың денсаулықтары жөнінде, азық-түлік бойынша , құжаттармен сыртқа көп шығып кетемін. Мен келгенде үйдің іші тып-тыныш, әп-әдемі отырған балалар еді. Бұл әрекет – менің аяғымнан шалу немесе ар-намысыма нұқсан келтіру шығар. Осынша жыл қаншама бала-шағаны қамқорлығыма алып, өсіріп жібердім. Бұлай болуы мүмкін емес. Аяқтан шалу деп ойлаймын» – деді Зүлфия Төленова. 

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 2
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0