Өзбекстан СІМ АҚШ-та футболшылардың тексерілуіне қатысты түсініктеме сұрады
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Нью-Йорк әуежайында елдің футбол құрамасы мүшелерінің күшейтілген тексеруден өтуіне байланысты АҚШ билігінен ресми түсініктеме сұрады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне ведомствоның баспасөз хатшысы Омонулла Файзиев мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Өзбекстан құрамасының футболшылары мен ресми өкілдерінің Нью-Йоркке келгеннен кейін америкалық қауіпсіздік қызметтері тарапынан мұқият тексерілгені туралы ақпарат тараған.
Кадрларда олардың жеке заттары тексеріліп, арнайы детекторлар мен кинологиялық қызметтің көмегімен қосымша бақылаудан өткені көрсетілген.
Мәліметке сәйкес, мұндай тексеруге тек Өзбекстан құрамасы ғана емес, Сенегал және Бельгия ұлттық құрамалары да тартылған.
Кейінірек Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро АҚШ-та оның шәкірттері күшейтілген тексеруден өткенін растады.
«Футболшыларымызға қатысты жағдай бойынша Нью-Йорктегі Бас консулдық арқылы АҚШ-тың тиісті органдарымен байланыс орнатылып, ресми түсініктеме сұралды», – деді Файзиев.
Оның айтуынша, өзбек тарапы әлем чемпионаты сияқты ірі турнирлерде қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне түсіністікпен қарайды.
«Алайда мұндай процестер спорттық іс-шаралардың рухына, атап айтқанда өзара құрмет пен достық қарым-қатынасқа кері әсер етпеуі маңызды деп санаймыз», – деп қосты министрлік өкілі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0