«Өзімді қатты кінәладым»: Нұржан Қалжан досынан айырылған жол апаты туралы айтты

Қыркүйек 10, 2026 - 16:28
app_badging Қыркүйек 10, 2026 - 16:33
chat_bubble  0 visibility  36
«Өзімді қатты кінәладым»: Нұржан Қалжан досынан айырылған  жол апаты туралы айтты
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші Нұржан Қалжан 2009 жылы болған жол апатынан кейін өміріндегі болған ауыр кезеңді есіне алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі бұл жайлы «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді.

Әншінің сөзінше, дәрігерлер мойнына темір қойылғаннан кейін оның қайтадан ән айта алатынына күмән келтірген. Алайда Нұржан Қалжан үшін сол сәтте шығармашылықтан бұрын жол апатында қаза тапқан жақын достарының қазасы ауыр соққы болып тиген. 

«2009 жылы жол апатынан кейін дәрігерлер маған ән айта алмай қалуым мүмкін екенін айтты. Өйткені мойныма темір қойылды. Бірақ ән айта алмай қаламын деген сөз қорқытпады. Ол жайында тіпті ойлауға мұршам болмады. Сол жол апатында менің жанымдағы достарым кетіп қалды. Олардың қатарында журналист Руслан Бөлебай да болды. Бір көлікте болдық. Көлікті мен жүргіздім. Достарымнан айырылып қалғаным қатты жаныма батты. Сол кісілер аман қалғанда ғой деп ойладым. Олар аман қалып, мен кетіп қалғанда деген де ойлар келді. Өзімді қатты кінәладым. Ән айту, дауыс деген дүниелер мүлде ойыма келген жоқ», — дейді әнші.

Ол сол оқиғадан кейін өзін ұзақ уақыт бойы кінәлағанын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0