Павлодар облысында асқан қатыгездікпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды
Павлодар облысында асқан қатыгездікпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, мәйіті ферроқорытпа зауытынан бірнеше шақырым жерде, Ақсу қаласына баратын жолдан табылған. Сондай-ақ ақпаратта әйелдің зорланған болуы мүмкін екені және мәйітті өртемек болғаны да айтылған.
Павлодар облыстық полиция департаментінің ақпаратты растап, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
"Ақсу қаласында әйелді өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0