Павлодарда төрт жасар бала сегізінші қабаттан құлап, аман қалды
Павлодарда төрт жасар бала көпқабатты үйдің сегізінші қабатындағы балконнан құлап, аман қалды. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 9 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала балконға шығып, орындық арқылы кондиционердің үстіне көтерілген. Кейін төмен құлаған.
Оқиға кезінде ата-анасы үйде болмаған. Анасы кіші баласымен аулада жүрген, ал төрт жасар балаға тәтесі қараған.
Баланың құлауын төменгі қабаттағы кондиционер мен ағаш соққыны бәсеңдеткен болуы мүмкін. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер баланың басы, денесі және ішкі ағзалары жарақат алғанын анықтады. Қазір жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Емдеу және диагностикалық шаралар жалғасып жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында көпқабатты үйлердің терезесінен 10 бала құлаған. Оның үшеуі көз жұмған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0