«Рамазанда олжалы болдық!»: Тамара Асардың отбасында сәби дүниеге келді (ВИДЕО)

Наурыз 14, 2026 - 16:36
app_badging Наурыз 14, 2026 - 16:57
chat_bubble  0 visibility  699
«Рамазанда олжалы болдық!»: Тамара Асардың отбасында сәби дүниеге келді (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/tamaraasar

Әнші Тамара Асар желідегі парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол әкесінің шаңырағанда көптен күткен сәби дүниеге келгенін айтты. 

"Сүйінші, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!!! Амал-наурызда, әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы! 
Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді.
Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойыныма бұршақ салғандай болып ерекше тілеп, ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын!!!", - деді ол. 

Тамара Асар жаңа туылған сәбиге өзі ерекше есім берген.  

"ӘНҰЗА деп ат қойдым. Лайым да інім мен келінімнің “Өмірлері ӘН болсын! Әндері ұзағынан болсын” - деген тілекпен. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңілім, әрі кіндік қыжым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда!!! Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын!!! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін!!!", - деп жазды Тамара Асар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0