«Реформа тоқтатылды»: Министр енді пәндер біріктіріліп оқытылмайтынын айтты

Қаңтар 27, 2026 - 16:18
Қаңтар 27, 2026 - 16:32
 0  1
«Реформа тоқтатылды»: Министр енді  пәндер біріктіріліп оқытылмайтынын айтты
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бірқатар пән біріктірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

«Физика, химия және биология пәндерін «Жаратылыстану ғылымдары» курсына, алгебра мен геометрияны «Математика» пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шешім мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесіне де тікелей байланысты. Осыған орай мәселе педагогика қауымдастығымен талқыланып, қосымша талдау жасалды.

Апробация жүргізілгенімен, барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады, пәндер біріктірілмейді»,–деді Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0