«Ресейде Қытай азаматтары соғысып жүр»: Бейжің Зеленскийдің сөзін жоққа шығарды
Бұған дейін Зеленский Украина әскерінің Қытайдың екі азаматын тұтқынға түсіргенін айтқан еді.

Қытай өз азаматтарын Украинадағы соғысқа жібермегенін мәлімдеді. Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Линь Цзяньнің сөзінен үзіндіні ресейлік ТАСС агенттігі жариялады.
“Қытай үкіметі әрдайым өз азаматтарынан [Украинадағы] қарулы қақтығыс аймақтарына бармауды, кез келген түрде араласпауды, кез келген тараптың әскери операцияларына қатыспауды талап етіп келеді” деді ол.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның қарулы күштері “Ресей жағында соғысқан Қытайдың екі азаматын тұтқынға түсіргенін” мәлімдеген. Оның сөзінше, Ресей жағында соғысып жүрген Қытай азаматтары бұдан да көбірек болуы мүмкін.
Осыған дейін Украина Солтүстік Корея солдаттарын тұтқынға түсірген еді.
Тұтқынға түскен ҚХР азаматтарын Украинаның Қауіпсіздік қызметі тергейді.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Сіздің реакцияңыз қандай?






