Ресейден келетін қызанақтан қауіпті вирус табылды
Зиянкес 250-ден астам өсімдік түрлерін зақымдайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейден әкелінген 2700 дана пакеттегі қызанақтарда қауіпті вирус бары анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлады
Астанада карантиндік нысан анықталып, вирус табылған қызанақ дәндері арнайы пеште жойылды.
"Астана темір жол" ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмысы кезінде Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген 108 орын немесе 2700 дана болатын бума пакетте қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспен залалданғанын анықтады. Өнім елорда аумағына еңгізуге тыйым салынды және "НТП Kazecotech" компаниясының мамандандырылған пешінде өртеу әдісімен жойылды”, – делінген хабарламада.
Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы тез таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ. Алайда Solanaceae – тұқымдас барлық дақылды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда өнім 80%-ға дейін жойылуы мүмкін. Сонымен қатар аталған дерек бойынша ӘҚБК-нің 400-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы негізінде өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңге айыппұл салынды.
“Сондай-ақ батыс гүл трипсі карантиндік объектісімен залалданған шыққан жері Кения елі 1320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүл кескіндері де өртеу әдісімен жойылды. Кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы негізінде әкімшілік істер қозғалып, өнім иесіне 251 056 теңге айыппұл салынды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Зиянкес 250-ден астам өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде жеміс-жидектер мен көкөністер және гүлдер бар. Зиянкес өсімдіктің жасуша шырынымен қоректенеді. Жаппай тараса, өсімдіктің солуына және өлуіне әкеліп соқтыратын қауіпті карантиндік нысан.
Яғни өнімнің сапасы мен өнімділігін төмендетеді. Одан бөлек, зиянкес қызанақтың қауіпті вирустарын да тасымалдайды. Айта кетейік, зиянкестің адам денсаулығына қауіпі жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?