Ресейге тағы да дрондар шабуыл жасады: Wildberries-тің Краснодардағы ірі логистикалық орталығы өртеніп жатыр
БПЛА шабуылынан кейін Wildberries-тің екі логистикалық орталығында өрт шықты 22 шілдеге қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесі мен Ставрополь өлкесіндегі Wildberries компаниясының екі логистикалық орталығы ұшқышсыз ұшу аппараттарының (БПЛА) шабуылынан кейін өртенді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Краснодар қаласындағы Тихорецкая көшесінде орналасқан Wildberries логистикалық орталығында ірі өрт шыққан.
Компания қауіпсіздік талаптарына сәйкес қызметкерлердің эвакуацияланғанын хабарлады. Краснодар өлкесінің жедел штабының мәліметінше, дрон сынықтарының қойма кешеніне құлауы салдарынан үш адам жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізіліп, оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Сол түні Ставрополь өлкесінің Невинномысск қаласы да шабуылға ұшырады. Өлке губернаторы Владимир Владимировтың айтуынша, қала шетіндегі қойма кешенінде өрт шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, екі адам жарақат алған, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Wildberries компаниясы Невинномысск қаласындағы логистикалық орталықтан да қызметкерлердің эвакуацияланғанын мәлімдеді.
Украиналық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл нысанға да ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған.
Айта кетейік, бұған дейін Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы Wildberries қоймасы да БПЛА шабуылына ұшырап, ауқымды өрт болған еді. Ол кезде өртті сөндіруге үш тәулік кеткен, 36 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта екі өңірдегі өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі нақтыланып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0