Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс сотқа түсті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша Ж.-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 2025 жылғы 28 шілдеде сағат 10:00-ге белгіленді», – деп хабарланған сот мәлімдемесінде.
Берденовке қастандық 21 сәуір күні кешке жасалған болатын. Әкім орынбасары оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған Шымкент әкімдігі жанындағы ЖШС қызметкері оқ атқан. Қастандық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Қастандықтың себептерінің бірі ретінде ықтимал сексуалдық қысым көрсету нұсқасы аталған еді, алайда Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмакұлова бұл нұсқаны жоққа шығарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






