Сәкен Майғазиев құдасының иығына шапан емес, джинс жапты

Жуырда «МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев келін түсірген еді. Ұзату тойынан тараған видеолардың бірінде әнші жаңа құдасының иығына қазақы шапан емес, джинс жейді жапты, деп жазады Sadaq.kz.
Көпшілік әншінің бұл әрекетін түсінбей жатыр.
«Қыз алып отырып мұнысы несі? Жағалы тон жөн еді ғой», «Атам қазақ құдасының иығына қасқыр ішек жабатын еді. Ұсақталып барамыз...», деген сарындағы пікірлер жазылуда.
Тағы оқыңыз: «Масқара, сорлылар-ау!»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көрсету үшін 1380 теңгеден алған
Бірақ, қолдағандар да жоқ еме. «Бұндай дженсилердің бағасы 4-5 миллион тұруы мүмкін. Бренд танымайтын байғұстар, тыныш отырыңдарш», деген олар.
Журналист Ербол Мәндібектің жазуынша, Сәкен Майғазиевтің құдасына #Ozge брендімен танылып жатқан отандық өнімді кигізген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






