Семейде бір жасар бала оқыс оқиғаның құрбаны болды

Шілде 24, 2026 - 11:47
 0  39
Семейде бір жасар бала оқыс оқиғаның құрбаны болды
Фото: pixabay

Семейде көпқабатты үйдің терезесінен құлаған 1 жасар сәби көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиғадан кейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.

 «Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен 1 жасар бала терезеден құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды. Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмаңыз, москит торына сенбеңіз және терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатыңыз. Баланың өмірі мен қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың жауапкершілігі», – деді ТЖД өкілі .

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0