Семейде қарумен жүрген ер адам елдің зәресін алды

Маусым 9, 2026 - 14:34
chat_bubble  0 visibility  3
Семейде қарумен жүрген ер адам елдің зәресін алды
Фото: ашық дереккөз

Семей қаласында көшеде қарумен жүрген ер адамның әрекеті тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияға түскен хабарлама бойынша, 7 маусымға қараған түні мас күйдегі ер адам бұрынғы қайын жұртының үйінің маңында итке оқ атып, оны өлтірген.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді. Одан атыс жасалған тегіс ұңғылы мылтық тәркіленіп, көлігі айып тұрағына қойылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ер адам мас күйде көлік жүргізгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және қаруды сақтау мен пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция оның қару сақтау және алып жүру рұқсатын жою туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Қарағайлы ықшамауданында тұрғындарға қоқан-лоқы көрсеткені туралы бейнежазба тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0