Семейде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Маусым 9, 2026 - 10:10
chat_bubble  0 visibility  2
Семейде жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Семей қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Абай облысы ПД мәлімдеді.

Оқиға 8 маусым күні сағат 21:50 шамасында Өскемен көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2109 маркалы автокөлікті басқарған 28 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол апатының салдарынан зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша жол қозғалысы қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қажетті сот сараптамалары тағайындалған. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0