«Сен кімсің желтоқсаншыларды бандит дейтін?»: Алмат Сақатов блогерге қатаң жауап берді (ВИДЕО)
Желтоқсан оқиғасына қатысты айтылған даулы пікір әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Өзін «Мамбетадор» деп таныстыратын блогердің 1986 жылғы көтеріліске қатысушылар туралы сөзі қоғам наразылығын туғызып, оған актер әрі блогер Алмат Сақатов үн қатты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Даудың шығуына Розыбакиев көшесінің атауын Мұхтар Шахановтың есімімен өзгерту мәселесі себеп болған. Осы талқылау барысында блогер көше атауын өзгертуге қарсы пікір білдіріп қана қоймай, Желтоқсан қаһармандарына тіл тигізген.
Бұл сөзге жауап ретінде Алмат Сақатов бейнеүндеу жариялап, Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың ел тәуелсіздігі жолында күрескенін айтты. Ол тарихи оқиғаға құрметсіздік танытқандарға қарсы екенін ашық жеткізіп, блогерді Алматыға келіп, бетпе-бет сөйлесуге шақырды.
Актер сөзінде Желтоқсан құрбандарының ерлігі ұмытылмауы керектігін айтып, сол кезеңдегі қудалау мен қатыгездікті еске салды. Оның эмоционалды үндеуі аз уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кең тарап, көпшілік қолдауына ие болды.
Желі қолданушылары актердің ұстанымын қолдап, тарихи тұлғалар мен Желтоқсан құрбандарын қорлағандарға құқықтық баға берілуі тиіс екенін жазуда.
Айта кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев те аталған блогердің үстінен құзырлы органдарға шағым түсіретінін мәлімдеген еді. Қоғамдағы бұл жағдай тарихи жады мен сөз еркіндігі төңірегіндегі талқыны қайта күшейтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0