«Мен заңсыздықты тоқтаттым»: Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалдың астарында не жатыр?
Серік Сәпиев соңғы күндері желіні шулатқан оқиғаның нүктесін қойды. Олимпиада чемпионы бұл жағдайдың астарында жеке араздық емес, спорт саласындағы үлкен «ойын» жатқанын ашық жазды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Серік Сәпиевтің айтуынша, жанжалдың шығуына аймақтағы спорт басшыларын заңсыз ауыстыру әрекеттеріне тосқауыл қоюы себеп болған. Ол өз жазбасында аймақтағы «көлеңкелі» күштердің бар екенін ашық айтты:
«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді», – деп мәлімдеді ол.
Айта кетсек, бұған дейін желіде Серік Сәпиевтің өз орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалған сәті бейнеленген видео тараған болатын. Чемпион бұл әрекеттердің барлығы жүйелі реформаларға жасалған арандатушылық екенін айтады.
Ол өзіне қолдау көрсеткен халыққа алғыс айтып, Мемлекет басшысы белгілеген жүйелі өзгерістер жолынан таймайтынын жеткізді.
Толығырақ Серік Сәпиевтің ресми парақшасында: serik_sapiyev
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0