Шамалған тұрғыны көшеде кетіп бара жатқан әйелге шабуылдаған

Маусым 9, 2026 - 16:43
 0  10
Шамалған тұрғыны көшеде кетіп бара жатқан әйелге шабуылдаған
Фото: Pixabay

Алматы облысының Шамалған ауылында белгісіз ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге шабуыл жасап, оны жіппен тұншықтыруға әрекеттенген. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан күдіктінің әйелдің артынан келіп, оған шабуыл жасағаны көрінеді. Алайда жәбірленуші қарсылық көрсетіп, оның қолынан сытылып шығып кеткен.

Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оқиғаның бейнежазбалары болғанымен, күдікті әлі күнге дейін ұсталған жоқ.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0